Жаңалықтар

Түкең мен келіншегім

Түкең мен келіншегім

Күн сайын болмаса да күнара келіншегіммен болатын әңгіме: – Гүлнар, сені Түкең сұрап жатыр... – Не дейді сонда? – Сол баяғы әңгімесі ғой. Көрінбей кетті... Келіп қолымызды алуды қойды дейді... – Өтірік айтпасын... Кеше ғана барып, амандасып, әңгімелесіп қайттым емес пе? – Білмеймін, Түкеңнің түріне қарасаң, сенің кеп-кеткенің білінбейтін сияқты. – Өзі ғой... Күні бойы үйде болмайды... Қайда жүретінін бір Құдай білсін... – Енді жұмыстағы адам, шаруасы көп дегендей... – Еще ерте кетеді, адамның ұйқысын бұзып... Деп келіншегім менің туфлиімді алып, қара маймен майлауға кірісіп кетеді. Негізі «Түкең» деген менің туфлиім ғой.