Денсаулық

Елбасы ҚР БҒМ-ге мектептерде бес күндік оқу аптасына көшу жұмыстарын бастауды жүктеді

Елбасы ҚР БҒМ-ге мектептерде бес күндік оқу аптасына көшу жұмыстарын бастауды жүктеді

Бүгін Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрлігіне мектептерде бес күндік оқу аптасына көшу жұмыстарын бастауды жүктеді.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына интеграцияланудамыз және бізге бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқаруымыз керек. Барша дамыған елдердегі мектептерде бес күндік оқу аптасы енгізілген. Балаға өзін қалпына келтіруге, педагогқа демалып, алдағы сабақтарға дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбіреуінде 4 күндік оқу аптасы іске қосылған және бүгінде осындай форматқа көшу дамыған елдердің жалпы әлемдік трендіне айналды. Оқыту аптасы қысқарған кезде білім берудің нәтижелілігі артатынын ғалымдар ғылыми түрде дәлелдеді. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Осы тұрғыдағы шараларды  Білім және ғылым министрлігі бастауыш сыныптардан бастауы қажет», - деді Президент. Мемлекет басшысы Қазақстандағы мектептерде кейбір пәндер бойынша балаларға ауыр салмақ түсіп тұрғанын, осы орайда кейбір пәндерді біріктіру керектігін немесе оқу үдерісінен алып тастау қажеттігін атап өтті.