Денсаулық

2016 жылы Жамбыл облысында «Жасыл Ел» жасақтары 18,8 млн. теңге игереді

2016 жылы Жамбыл облысында «Жасыл Ел» жасақтары 18,8 млн. теңге игереді

Он жылда «Жасыл ел» жазғы демалыста жеті мыңға жуық жас жамбылдықты жұмыспен қамтыды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл жазғы демалыстарда жастарды еңбекпен қамту үшін жергілікті бюджеттен 18,8 млн. теңге бөлу көзделген, «Жасыл Ел» жасақтарына жалақысын төлеу арқылы шамамен 400 адамды тарту жоспарланған.

2015 жылы жазғы маусымда құрылыс жасақтарының 400 студенті  облыстың 9 ауданында  21 нысан бойынша жұмыс жүргізді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында студенттік құрылыс жасақтарын жергілікті бюджеттен қаржыландыру 7 млн. теңгені құрады.