Денсаулық

Брюссельдегі жарылыс: Жараланғандар саны 300-ге жетті, оның 61-і ауыр жағдайда

Брюссельдегі жарылыс: Жараланғандар саны 300-ге жетті, оның 61-і ауыр жағдайда

Брюссельдегі лаңкестік салдарынан 31 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жараланған. Оның 150-і ауруханада жатыр, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі Бельгия Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

«Соңғы мәліметтер бойынша, 31 адам қаза тауып, 300 адам жараланған, 150 адам әлі де ауруханада, соның ішінде 61 адамның жағдайы өте ауыр», делінген хабарламада.

Бұған дейін БАҚ-та 32 адам қаза тапты деген ақпарат тараған болатын.

Сонымен қатар, сейсенбі күні Брюссельде болған жарылыста қаза тапқандардың бірқатарының аты-жөні анықталды. Қазіргі уақытта ел астанасындағы әскери госпитальде мәйіттерді тану, анықтау процессі жүріп жатыр.