Әлеумет

Боксшылар ел үмітін ақтайды

Боксшылар ел үмітін ақтайды

Нұрлан Ақүрпеков, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының бас бапкері: – Жаңа келген биылғы жылдың да өз ерекшелігі бар. Соның ішінде алдағы Рио-до Жанейродада өтетін Олимпиада ойыны. Қазақстан тәуелсіздік жылдары еш олимпиададан жүлдесіз қалған емес. Әсіресе бокс бәсекесінде ел боксшыларының ғаламат өнер көрсетіп, көк байрағымызды желбіреткенін әлем біледі. Олай болса, сол жеңісті жылдар биыл да жалғасып, Рио-до Жанейро Олимпиадасында жеңістің биік тұғырынан көрінетін оғландарымыз мол болғай. Жыл басы Наурыз мерекесі баршамызға жақсылық әкелсін.