Әлеумет

Жусанның қасиеті

Жусанның қасиеті

қатерлі ісікті 16 сағатта жоқ қылады

АҚШ-тың Калифорния штатындағы университет ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайызын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады. Ал бұл дегеніңіз – қазақтың дарқан даласының кез-келген түкпірінде ашқылтым иісі мұрныңды ждарып, тынысыңды ашатын кәдімгі жусан шөбі. Халқымыз ертеден қастер тұтқан, шалғай елге сапарға шыққанда бір түбін ала жүретін шөптің біз білмейтін осындай емдік қасиеті де бар екен. Америка ғалымдары жусанды емдік мақсатқа пайдаланудың ерекшеліктері бар дейді. Айталық, бір жылдық жусанды емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің 28 пайызын ғана жоюға қабілетті екен де, ал оған темір ерітіндісін қосып пайдаланса, өсімдік жебір ауруын түгел жоқ қылып жібереді. – Зерттеу нәтижелері артемизинин препаратының жебір ауруы жасушаларының асқынуын толықтай тежей алатынын көрсетіп берді, – дейді ғалымдар. Енді Sanofi фармацевтік компаниясы жылына 50-60 тонна артемизинин өндірмекші. Ал дәрі-дәрмек жасау индустриясында осынау қышқылтым өсімдіктің сабағы мен жапырағы бұрын безгектен емдеудің құралы ретінде ғана пайдаланылып келген еді.

«Ақ жол-Ақпарат».