Жуалы
Жуалы
Ауданда 2013 жылы шағын несиелік ұйымдар – «КазМикрофинанс» ЖШС, «Жуалы Рантье» шағын несие ұйымы және «Жуалы» несиелік серіктестігі кәсіпкерлерге 693 миллион теңге инвестиция таратқан болатын. Бұл жұмыс биыл да жүйелі жалғастырылуда. Несиелік ұйымдар оларды несиемен қамтамасыз ету үшін құжаттар қабылдауда. Үстіміздегі жылы 4 айда жоғарыдағы ұйымдар 140-тан астам шаруашылыққа 80 миллион теңгеге жуық несие берді.