«Әулиеата әуежайы» алып ұшақты қабылдады
«Әулиеата әуежайы» алып ұшақты қабылдады
– Біздің әуежай осы айда өзінің тарихында ең алып ұшақтың бірін қабылдап, оған қызмет көрсетті. Бұл ұшақты қабылдау үшін біз қосымша бірқатар дайындық жұмыстарын жүргіздік. Атап айтқанда, өрт сөндіру көліктерін, жанармай құюшы құрылғыларды сатып алдық. Енді аталмыш ұшақ бізге айына бір рет тауар тасымалдап келетін болады. Ал бұған дейін салмағы 200 тоннадан асатын «Вoing» әуе компаниясының ұшағын қабылдаған болатынбыз. Техникалық мүмкіндіктері, қызмет көрсетуі бойынша бүгінде Тараз әуежайының заманауи жүк және жолаушылар ұшағының барлық түрін қабылдауға әлеуеті жетеді. Өйткені мұнда 2014 жылы 4,7 миллиард теңгеге толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті техника сатып алынған болатын. Ал осы жылдың 6 маусымынан бастап «S7» әуе компаниясының ұшағымен «Мәскеу-Тараз» бағыты ашылмақ. Жолаушылар үшін билет құны Ресей валютасының бағамымен 7 мың рубльден басталады. Сондай-ақ, әуежай Ақтау, Атырау секілді еліміздің бірнеше қалаларына бағыт ашуды жоспарлауда, – дейді «Әулиеата халықаралық әуежайы» АҚ-ның баспасөз хатшысы Юлия Егорова. Қытайдан келген алып ұшақ 24 наурыз күні Байқоңырға аттанбақ.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».