Қазақстан халқы бізден де күшті халық - АҚШ сарапшысы
Қазақстан халқы бізден де күшті халық - АҚШ сарапшысы
Қазақстан халқы бізден де күшті халық. Бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына арналған брифингте халықаралық байқаушы, Халықаралық салық және инвестиция орталығының президенті (АҚШ) Даниель Алан Витт осындай пікір білдірді.
Брифинг барысында Қазақстанның экономикалық реформаларына, елдің бәсекеге қабілеттілігіне тоқталған сарапшы бұл бағыттағы жұмыстар әлі аяқталмағанын да атап өтті.
«Қазір бүкіл әлемде өзгерістер жүріп жатыр. Қазақстанның сайлаушысы да, Американың сайлаушысы да, Қытайдың сайлаушысы да қазір экономикалық климат туралы әңгіме болғанда көбірек қобалжиды. Өйткені, әлемде белгілі бір қауіп-қатерлер баршылық. Дегенмен, менің ойымша, Қазақстан халқы -бізге қарағанда күшті халық. Мәселен, Тәуелсіздік алғанда Қазақстан күрделі кезеңді бастан кешірді: экономикалық өсім құлдырап кетті. Ал қазіргі жағдай қалай?» - деді Д.Алан Витт.
«Бізге қазіргі әлемдік нарықтағы мұнайға баға, шикізат бағалары мүлдем ұнамайды. Алайда, Н. Назарбаев өзінің ЕАЭО-дағы әріптестеріне бірнеше жыл бұрын айтқанындай - бұл ерекше мүмкіндік. Бұл даму үшін мүмкіндік, осы арқылы Қазақстан бәсекеге қабілетті болуда шыңдалады», - деді Алан Витт.
Сонымен қатар, сарапшы Қазақстанның мемлекеттік аппаратында да ауқымды жұмыстар күтіп отырғанын алға тартты. «Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясын көптеген сарапшылар қолдайды. Қазақстан ЭЫДҰ мүшелікке енуге ұмтылуда. Осының бәрі «Нұр Отан» партиясына 80 пайыздан астам дауыыс беруге себеп болды. Енді «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік аппарат арқылы Н. Назарбаев белгілеген бағдарламаны жүзеге асыруға күш салады деп ойлаймын», - деді сарапшы.