СЕЛФИ СӘН БЕ, ӘЛДЕ...
СЕЛФИ СӘН БЕ, ӘЛДЕ...
Қазіргі таңда, әсіресе, жастар арасында көп таралған селфи өзін тым жақсы көретіндердің дертіне айналғандай. Селфиге әркім әрқалай түседі. Фотосы арқылы әлеуметтік желілерде өзін жарнамалағысы келетіндер қатары көп-ақ. Алайда, осы селфи сән бе, дерт пе, әлде әдет пе? Осы сұрақты біз педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, психолог маман Раушан Сейдрахмановадан анықтап білген едік: – Селфи – өзіне-өзі сүйсіну, ғашық болу сияқты нәрсе. Жастарымыз әлеуметтік желіге суретін салып, өзін-өзі әсіре бағалап отырады. Мадақ алса, селфиіне біреу лайк басса жетістік, жеңіс болып қабылданады. Лайк немесе мақтау алмаса психикалық күйзеліске түседі», – деді ол. Әрине селфи жасау – әркімнің өз еркінде. Тек бұл әдет індетке айналып кетпесе болғаны...
Елизат Қонысбай, М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың 2-курс студенті.