- Advertisement -

Аспан асты елінде

77

- Advertisement -

Қазақстан мен Қытай басшылары екіжақты 5 құжатқа қол қойды

30

Кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың Шанхай қаласына мемлекеттік сапары аясында
екіжақты 5 құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда,
Н. Назарбаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерінің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы Стратегиялық әріптестіктің барлық салаларын қамтитын және тараптардың келешектегі перспективалық бағыттарын айқындайтын бірлескен декларация мақұлданды.

Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «CITIC» корпорациясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл құжат мұнай-газ және тау-кен секторында өзара іс-қимылды дамытуды қарастырады. Сонымен қатар, Қытайдың ЭКСИМ банкімен «Петро Казахстан ойл продактс» ЖШС жобасын қаржыландыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Аталмыш құжат Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құрылымдауға 1 млрд. доллар қаражат бөлуді көздейді. Бұдан бөлек, Қазақстан Даму Банкі мен ҚХР Мемлекеттік даму банкі арасында жалпы сомасы 500 млн. долларды құрайтын несие желісі туралы Бас келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰК» мен «CNPC» корпорациясы арасында Алматы облысында үлкен диаметрлі (300-1600 мм) мұнайгаз құбырын шығаратын зауыт құрылысын салу туралы негіздемелік келісім жасалды. Аталған жоба құны 150 млн. долларға бағаланып отыр.
Елбасының мемлекеттік сапары аясында Шығыс Қытайдың Цзянсу өлкесіндегі Ляньюньган портында қазақстандық логистикалық терминал құрылысын бастаудың ресми салтанатты рәсімі өтті. Атап айтқанда, “Сицзяо” резиденциясында екі мемлекеттің басшылары “Шанхай-Ляньюньган” бейне-көпірі арқылы аталған жоба құрылысын іске қосты.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығы берілді. Сыйлық Елбасыға қытай тарапынан оның ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерінің қорытындылары бойынша берілді. «Сіздің бейбітшілік ісін қамтамасыз етуге және оның гүлденуіне қосқан үлесіңізге біздің алғысымыздың белгісі ретінде Сізге «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығын тапсырамыз. Сіз бұл сыйлық беріліп отырған алғашқы адамсыз», – деп жариялады қытай тарапы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен Мемлекет басшысын марапаттау салтанатының барысында.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support