Барак Обама мен Джон Керри Наурыз мейрамына орай құттықтау жолдады
Барак Обама мен Джон Керри Наурыз мейрамына орай құттықтау жолдады
АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының баспасөз қызметі осы елдің Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Наурыз мейрамымен құттықтауын жариялады.
«Мен әлемде Наурыз мейрамын тойлап жатқан барша достарымызға Президент Обаманың осы мерекеде бақытқа жетіп, дені сау болып, табысқа кенеле берсін деген тілегіне қуана қосыламын. Америкалықтар секілді біз де Иран Ислам Республикасында, Орталық Азия елдерінде, Кавказ және осында, Америка Құрама Штаттарында, көктемнің келуін және жаңа жылды мерекелеуге жиналған адамдармен бірге қуанамыз», - делінген мемхатшы хабарламасында.
Сондай-ақ, Джон Керри Наурыз жаңару мен татуластық мерекесі екенін атап өткен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы АҚШ Елшісі Джордж Крол қазақстандықтарға арналған үш тілдегі құттықтауын жолдаған болатын.