Әлеумет

Сайлауда дауыс бергендердің саны жағынан қай өңірдің көш басында екені анықталды

Сайлауда дауыс бергендердің саны жағынан қай өңірдің көш басында екені анықталды

Орталық сайлау комиссиясындағылар Астана уақытымен сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлаушыларға қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов брифинг барысында мынаны мәлімдеді: сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылар тізіміне іліккен сайлаушылардың жалпы санының 60,22 пайызы бюллетень алды.

Астанада сайлаушылардың - 54,71 пайызы, Алматыда 21,45 пайызы дауыс берді. Ақмола облысында - 69,97, Ақтөбе облысында - 57,1, Алматы облысында - 77,16, Атырау өңірінде - 65,87, ШҚО - 66,7, Жамбыл облысында - 63,6, БҚО - 56,37, Қарағанды облысы - 59,2, Қостанай облысы - 68,17 және Қызылорда облысы - 65,69, Маңғыстау облысы - 51,76, Павлодар облысы - 61,77, СҚО - 61,2 және ОҚО-да 68,86 пайыз сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Бүгін сайлау 9 840 учаскеде өтіп жатыр. Айта кетейік, сайлау кезінде 20 мың полицей құқық қорғауды қамтамасыз етеді. Бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.

ақпарат көзі tengrinews.kz