Әлеумет

Жамбыл облысының әкімі сайлауда дауыс берді (ФОТО)

Жамбыл облысының әкімі сайлауда дауыс берді (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы Жамбыл облысында Астана уақытымен таңертеңгі сағат 7.00-де басталды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тараздағы  № 35 сайлау учаскесінде бірінші болып дауыс бергендердің арасында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев болды. Ол республика Парламентінің бастамасымен жүзеге асырылған осы сайлау Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды кезең болып табылатынын атап өтті.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына бір облыстық, бір қалалық және 10 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кіріп отыр.

Жамбыл облысы мәслихаттарының 250 мандатына 619 кандидат үмітті болып отыр. Соның ішінде облыстық мәслихатқа - 105, аудандық мәслихаттарға - 439, ал қалалық мәслихатқа - 75 кандидат бар. 20160320123726 20160320123721 20160320123716

kazinform.kz