Сауд Арабиясы мұнайдан бас тартпақ
Сауд Арабиясы мұнайдан бас тартпақ
Сауд Арабиясының билігі басты кіріс көзі ретіндегі мұнайдан және энергия ресурстарынан бас тартпақ ниетте. Корольдік қайтарымды энергия көздеріне баса көңіл бөлуге ұмтылып отыр. Бұл туралы Сауд Арабиясының мұнай министрі Әли әл-Наими мәлім етті, деп хабарлады Gazeta.ru Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
«Мен қайтарымды энергетика үшін Сауд Арабиясынан артық ел табылмас, деп ойлаймын», деп мәлім етті министр.
Әл-Наими корольдікте күн сәулесі көбірек түсетінін және корольдіктегі көптеген аймақтар пайдаланылмай отырғанын атап өтті.
Дегенмен әл-Наими таяудағы 50 жыл ішінде мұнайдан толық бас тартатын ел шыға қоймас, деген күдігін де жасырмады.
«Таяудағы 50 жыл ішінде адамзат отыннан бас тартпайды, бұл да жаман емес», - деп мәлімдеді әл Наими.
Сауд Арабиясы бұдан бұрын да өз экономикасын әртараптандыру, және мұнай экспортына тәуелділіктен арылу жөніндегі ауқымды жоспарын айтқан болатын. 2016 жылғы қаңтардың соңында Сауд Арабиясы «мұнайдан бас тарту» ауқымды жобасын ұсынды.