Дрондар билей де алады
Дрондар билей де алады
Нью-Йорктің иллюзионисі Марко Темпест дрондарды ешқандай құрылғысыз-ақ басқарып, оларды билеткен.
24 дана квадрокоптар әуеде ұшып жүріп, сиқыршының әр сөзіне бағынып, билеген. Бұл сиқыр ма, әлде техниканың озық тәжірибесі ме – белгісіз. Композиция Rhizomatiks Research атты жапон ғылыми-зерттеу компаниясының мамандарының көмегімен жүзеге асқан. Бұл жұмыстың мақсаты адамзат баласы мен роботтардың арасында үндестік барын дәлелдеу болған.