Жамбыл
Жамбыл
бір ауыл 6 мың түп ағаш егеді
Наурыз мерекесі қарсаңында Қаракемер ауылдық округінің әкімдігі игі бастама көтеріп отыр. Ауылдық округ әкімі Белғазы Сергеев бастаған азаматтар ауыл тұрғындарын 5,5 гектар жерге 6 мың түп ағаш көшетін отырғызуға жұмылдыруда. Осынау рәті мол іске ауылдық әкімдік, мектеп, емхана қызметкерлері, ақсақалдар мен ауыл тұрғындары белсене кірісті. Бүгінге дейін 1 гектар алқапқа қара тал көшеті егілді.