Maserati 28 мың көлікті кері қайтарады
Maserati 28 мың көлікті кері қайтарады
Италияның белгілі бренді Maserati автоконцерні Солтүстік Америкада сатылған 28 235 көлікті кері қайтарды. Ресми деректе жүргізуші жақта орналасқан кілемше акселератор басқышына тіреліп, жылдамдықтың артуына себеп болады екен. «Егерде кілемше өзінің орналасқан орнынан қозғалып кетер болса, акселератор басқышы мен ковроин аралығына тіреліп қалуы мүмкін. Осыдан соң көліктің жылдамдығы артып, жол апатының болуына немесе оқиғаның қайғылы аяқталуына себеп болады» дейді компания басшылығы.