КОЛОРАДО ЕМЕС, ДЕГЕНМЕН...
КОЛОРАДО ЕМЕС, ДЕГЕНМЕН...
ауданда жылына 1500 килограмм алтын өндіретін тау-кен комбинатының құрылысы басталды
«Aurum Deutchland AG» (Аурум Дойчланд АГ) ЖШС құны 45 миллиард теңгені құрайтын тау-кен комбинатының құрылысы мен құрамында алтыны бар кенді игеру жобасын қолға алды. Жоба 2014-2021 жылдары жүзеге асырылады. Өндіріс қуаттылығы – жыл сайын 1500 килограмм алтын өндіру. Кәсіпорын іске толық қосылған кезде 800 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі кезде болашақ комбинат орналасатын жерге 19 қондырғы жеткізіліп, іргетастарын құю жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Қарасай ауылдық округіндегі «Қырғау» алтын өндіру кеніндегі «Алатау Қордай» ЖШС 280 миллион теңгені құрайтын 75 пайыз алтын-күміс концентратын шығаратын шағын зауыттың құрылысын жоспарлап отыр. Ол 2015-2018 жылдары іске қосылады.
«Ақ жол-Ақпарат».