Денсаулық

ҚР Ұлттық банкі 2016 жылы несиелеу көлемінің артатынын болжап отыр

ҚР Ұлттық банкі 2016 жылы несиелеу көлемінің артатынын болжап отыр

ҚР Ұлттық банкі 2016 жылы несиелеу көлемінің артатынын болжап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ақтөбеге сапары барысында айтты, деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен.

«Жыл басынан бері экономиканы кредиттеуде оң динамика байқалып отыр. Банктердің несие берудегі белсенділігін арттыру үшін Ұлттық банк 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар реттеу жұмыстарын бастады», - деді ол. Оның айтуынша, несиелеу процесіне көп қырлы факторлар әсер етеді. Бұл бағытта ШОБ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды атауға болады. «Көптеген борышкерлер қайтара алмайды. Несиелеу процесі банктердің нашар портфелді тазалауымен ғана шектеледі», - деді ол. 2015 жылы экономиканы несиелеу 4,7%-ға, 12,7 трлн теңгеге дейін өсті. Заңды тұлғаларды несиелеу 5,2%-ға 8,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғаларды несиелеу 3,7%-ға, 4,2 трлн теңгеге артты. Көбіне сауда (20,9%), өнеркәсіп (13,3%), құрылыс (8,0%), ауылшаруашылығы (5,0%) салаларында несиелеу көлемі артқан.