АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, кей жерлерде бұрқасын соғады
АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді, кей жерлерде бұрқасын соғады
Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде, күндіз көптеген бөліктерінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, жаяу бұрқасын болады.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасынмен қатар жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с-ға дейін дейін жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау облысында жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.