Жамбыл облысында 3400 гектар алқапқа сексеуіл көшеттері отырғызылды
Жамбыл облысында 3400 гектар алқапқа сексеуіл көшеттері отырғызылды
Жамбыл облысында 3400 гектар алқапқа сексеуіл көшеттері отырғызылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ханалиев Жасұлан Рахымбайұлы мәлім етті.
Өңірдегі ормандарды қорғау, олардың қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларымен 14 орман шаруашылығы мекемелері мен «Ормандарды қорғау жедел қызметі» айналысады.
Бүгінде орман қорының жалпы аумағы 4,4 млн. гектарды құрайды. Оның орманды жерлері - 2,2 млн. гектар. Жалпы орманды жерлер облыс аумағының 31 пайызын алып жатыр. Өткен жылы осы салаға жергілікті бюджеттен бөлінген 703 млн. теңге толық игерілді. Оның ішінде мекемелерді ұстауға 561 млн. теңге, оларға техникалар мен жабдықтар алуға 45,0 млн. теңге, өртке қарсы шаралар жүргізуге 32 млн. теңге жұмсалды. Орман тұқымбақтарын қалпына келтіруге және орман ағаштарының көшеттерін өсіруге 14,5 млн. теңге бөлінді.
«2015 жылдың ерте көктемінде сексеуіл және тағы басқа орман көшеттерін егу арқылы 1600 гектарға жаңадан ағаштар отырғызылды. Күзде 3400 гектарға тұқым себу жұмыстары жүргізілді. Күзгі санақтың нәтижесі бойынша 4560 гектар жер орман көмкерген алқапқа айналды. 2016 жылы ормандарды қалпына келтіру және жаңадан орман өсіру шараларын іске асыруға - 43,3 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржының есебінен ерте көктемде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттерін егу арқылы 900 гектар жерге жаңадан орман ағаштары отырғызу, күзде 4100 га жерге сексеуіл тұқымын себу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр»,-деді Ж.Ханалиев.