Денсаулық

Наурыз мейрамының оралғанына 25 жыл толды

Наурыз мейрамының оралғанына 25 жыл толды

Қазақстанда Наурыз ұлттық мейрамы 25 жыл бұрын ресми түрде тойлана бастады. Бұл деректерді ҚР Президенті мұрағатының баспасөз қызметі келтірді.

Айта кету керек, Наурызды тойлауға 1926 жылдан бастап кеңес үкіметі «ескіліктің сарқыншағы» деген желеумен  тыйым салған болатын.

Діни мереке болмағанмен, Наурызда атеистік үгіт-насихат жүргізіліп, діни қызметкерлер жаппай қудалауға ұшырады.

1929 жылы жаңа жылды тойлауға тыйым салынып, 1935 жылы ол мерекеге қайта рұқсат етіліп, 1947 жылдың 1 қаңтарынан КСРО-ның демалыс және мереке күні деп танылса, Наурыз мейрамы туралы халық көп уақытқа ұмытуға мәжбүр болды.

Наурыз 1980 жылдардың соңында халыққа қайта орала бастады.

1991 жылдың 15 наурызындағы Қазақ КСР Президентінің жарлығымен ол ресми мереке ретінде бекітілді.

Содан бері 22 наурызда Наурыз мейрамы тойланады.

«Биыл Наурыздың оралғанына 25 жыл толды. Мұрағат сөрелерінде көптеген қызықты құжаттар сақталған. 1920 жылдардағы тыйым салынған құжаттар мен Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы жарлығы бар. Бұл оқиғаларды жастардың көбі біле бермейді. Ол тарихқа айналып кетті. Дәл сол жылдары Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалауға бағытталған шұғыл заң актілері мен құжаттар, саяси шешімдер, шұғыл реформалар қабылданды», - деді ҚР президенті Мұрағатының директоры Борис Жаппаров.