Обаманың да мойнында несие бар
Обаманың да мойнында несие бар
АҚШ президенті Барак Обама мен оның жұбайы Мишельдің 2013 жылғы табысы 7,15 миллион долларға жетіпті. Олардың өткен жылғы табысы туралы мәліметті Ақ үй жариялады.
Америка заңы бойынша мұндай есепті сотқа барлық шенеуніктер беріп отыруға міндетті. Өткен жылы олардың JPMorgan Chase банкіндегі шотында 150 мың доллар, ал Northern Trust банкінде 350 мың доллар ақшалары болған. Сонымен қатар, Vanguard қорында 350 мың доллар қоры бар көрінеді. Обаманың жалғыз ғана қарызы- Чикагодағы ипотекаға алған үйіне төленбей тұрған 500 мың доллар несиесі. Ол кезінде мемлекетті басқармай тұрып банктен 5,6 пайызбен 30 жылға қарыз алған. Жалпы, Барак Обама жылына 400 мың доллар жалақы алады екен.