Басты жаңалық

Ром ішкен мас маймыл

Ром ішкен мас маймыл

Бразилияда жергілікті бардың бірінде маймыл ром ішіп алып қонақ­тарға пышақ ала жүгірген. Ол қоқысқа тасталынған шөлмек түбіндегі қалдықтарға сылқия тойған. Бір қызығы маймыл бар ішіндегі ер адамдарды ғана куыпты. Мұны көрген бар қызметкері өрт сөндірушіге қоңырау шалған. Ішімдік ішіп алған маймылды өрт сөндіруші қызметкерлері ұстап мастығы тарқаған соң қайта орманға жіберген. Бірақ маймыл бостандыққа жіберілген соң сол маңайда орналасқан жергілікті тұрғындарды дүрліктірген. Бостандыққа шыққан маймыл жас бүлдіршіндерге шабуыл жасап, әбден қорқытқан. Өрт сөндіруші жасағы маймылды қайтадан қамауға мәжбүр болған. Алдағы уақытта маймыл Бразилия зерттеу институтына жіберілмек. Онда маймылды зерттеп, қайта қоршаған ортаға жіберуге болатынын немесе қамауда ұстау керектігін анықтайды.