«Толқын» және апаттық кинолардың формуласы
«Толқын» және апаттық кинолардың формуласы
MEKADO MURPHY, The New York Times (USA) 03.03.2016
«Толқын» – бұл кинофильм не туралы екенін білесіз бе, апаттық жанрдағы кино. Су астындағы қалалар, қираған ғимараттар, екіге бөлінген үйлер – Америкада апаттық кино шеруі үшін бұл классикалық жанр. Көптеген себептерге байланысты киноға барушылар осындай кино жанрына тәнті болып, өздерінің қорқыныштарына қарамастан, осы жанрдағы киноларды тапжылмай көреді. Ал «Толқын» кинофильмі Америкалық емес, Норвегия туындысы болып табылады. Гейрангер елді мекені Акернесет тауының тұсында орналасқан. Егер осы тау «үгіліп» құласа, үлкен цунамиге әкеліп соғады. Бұл киноның режиссері Роа Утхауд осы кинофильмді классикалық апаттық жанрдан өзгеше етіп түсірген. Роа Утхаудпен болған телефон сұхбатында ол: «Мен төтенше жағдайда адамдардың шын мәнінде қандай әрекетке баратынын көрерменге сенімді жеткізгім келді», – деп қысқа қайырыпты.