Сериал көре берген бойжеткеннің көзі «ақты»
Сериал көре берген бойжеткеннің көзі «ақты»
Kathy Gao, South China Morning Post (Hong Kong), 08.03.2016
20 жастағы қытайлық бойжеткен теледидар алдында ұзақ отырғандықтан, күрделі көз ауруынан зардап шегуде. Сәрсенбі күні жарық көрген Нанкин қаласының Modern Express газетінің хабарлауынша, бұл бикеш өзінің планшетінен екі күнде 18 сағатқа созылатын екі Оңтүстік Корея телевизиялық драмасын үзіліссіз көрген екен. Сериал көру марафоны оның көзінің қарашығына қатты зиян келтірген. Сол себепті ол көру мүмкіндігінен мүлдем айырылу қаупіне душар болды. Жексенбі және дүйсенбі күні бойжеткеннің көзі мен басы шамадан тыс ауырған. Ол сол күні жергілікті ауруханаға барғанда, оған өткір глаукома диагнозы қойылды. Сериал көру марафонына қатысушының айтуынша, ол Оңтүстік Кореядағы танымал сериал «Қақпандағы сыр» драмасының 16 сериясын және артынша «Күннің ұрпақтары» драмасының екі сериясын демалмай көріпті.