Еліміз елуінші орында

92

Doing Business рейтингiсi бойынша Қазақстан сыртқы сауданың дамуы тұрғысынан 189 елдiң iшiнде 50-орында. Бұл туралы ОКҚ брифингiнде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сыртқы сауда қызметi департаментiнiң директорының мiндетiн атқарушы Әлия Әлiмбетова мәлiмдедi.

«Бүкiләлемдiк банктiң 2014 жылғы есебiне сәйкес Қазақстан 189 елдiң iшiнен 50-орында. Бiз өткен жылмен салыстырғанда 3 сатыға көтерiлдiк. Бiздiң ел ТМД мемлекеттерi бойынша көш бастап тұр. Атап айтар болсақ, Ресей 92-орында, Беларусь 63-орында, Қырғызстан 68-орында. Көптеген елдер бiзден қалып келедi. Doing Business рейтингiсi бойынша үздiк елу елдiң қатарына кiрдiк. Бұл бiздiң елдегi сыртқы сауда саясатының бизнес климатының дамуы мен жақсаруына, экспорттық-импорттық операциялардың жетiлуiне септiгiн тигiзедi», — деп қосты ол.

Comments are closed.