Ағаштан көлік жасап шығарды
Ағаштан көлік жасап шығарды
Toyota компаниясы ағаштан жасалған жаңа көлік түрін көпшіліктің назарына ұсынды. Мамандар жаңа көлікті Toyota Setsuna деп атады. Setsuna сөзі жапон тілінен аударғанда «қас-қағым» деген мағынаны білдіреді. Автомобиль ағаштың бірнеше түрінен жасалған. Мәселен, көліктің рамасы тегіс жапырақты қайыңнан дайындалса, шанағы үшін жапон самырсыны қолданылған. Ал рөлі сауырағаштан ойылған. Көлік электромотордың көмегімен жүреді.