Денсаулық

Жамбыл облысында сәбиді дәретханаға лақтырып тастаған әйелге қатысты тергеу аяқталды

Жамбыл облысында сәбиді дәретханаға лақтырып тастаған әйелге қатысты тергеу аяқталды

Жамбыл облысында сәбиді жол бойындағы дәретханаға лақтырып тастаған әйелге қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі облыстық прокурордың орынбасары Айдос Майлыбаевқа сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс аудандық прокуратурада зерттеліп жатыр. Әжетханаға тасталған сәбидің анасы заңды некеде тұрған жоқ. Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жарияланбайды", - деп мәлімдеді ол.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты. Дәрігерлер нәрестенің шамамен оқиғадан 6 күн бұрын дүниеге келгенін анықтады.

Енді Жансаяның тағдырын сот шешеді. Осыған дейін анасының ата-ана құқығынан айырылатын болса және туған әкесі одан бас тартса, қызды басқа адамдардың асырап алуы мүмкін екендігін хабарланған болатын. Мәселен Жуалы ауданында тұратын Ескендір Ахметова мен Елена Тұрғынбекова Тараздағы "Үміт" сәбилер үйіне барып, Жансаяны көріп қайтқан болатын. Жанұя барлық қажетті құжатты жинастырып қойды.