Денсаулық

Қостанай тұрғыны құрамы дәрумендерге бай емдік сусын ойлап тапты

Қостанай тұрғыны құрамы дәрумендерге бай емдік сусын ойлап тапты

Қостанайлық кәсіпкер ерекше сусын түрін ойлап тапты. Құрамы адам ағзасына қажет дәрумендерге бай емдік шырын бидайдың тамыры мен 15 сантиметрлік көк өскінінен әзірленген.

Іскер азамат жаңа сусынға «жастықтың жасыл шырыны» деген атау беріп отыр. Өскіннен өндірілетін мұндай шипалы өнімдер әлемге ертеден белгілі. Дегенмен, қостанайлық ізденімпаз оны өз технологиясы бойынша жасап, жетілдірген. Жаңалық авторы Константин Невзоров 14 грамдық мұзды өскінді 30 грамм суға езіп ішуге кеңес береді. Ол адам азғасының дәрумендерге деген бір күндік қажеттілігін өтейді. Мұндай емдік шырын бұған дейін шетелден әкелінетін еді, деп жазады 24.kz.

«Технологиясын әлі де жетілдіріп, патент алуға дайындап жатырмын. Бұл сусынның құрамында адамға ең керекті дәрумендер, микроэлементтер бар. Ол 25 градустық салқын жерде сығылып, жасалады. Мұзды түйір еріп кетпес үшін оны арнайы орыннан тұтынушылардың үйіне дейін жеткізіп беру жағын жоспарлап отырмыз», - дейді кәсіпкер Константин Невзоров.