Денсаулық

Nestle құрамында шыны болуы ықтимал бірқатар өнімдерін кері қайтарады

Nestle құрамында шыны болуы ықтимал бірқатар өнімдерін кері қайтарады

Әлемдегі ірі азық-түлік, сусын өндірушілердің бірі   швейцариялық Nestle компаниясы құрамында шыны болуы мүмкін бірқатар өнімдерін кері қайтарады,   деп мәлімдеді компания баспасөз парағында, деп хабарлады РИА Новости.

Кері қайтаруға DiGiorno, Lean Cuisine және Stouffer's өнімдерінің шектеулі саны кіреді.   Ол орамасында көрсетілген белгілі бір өндірістік кодтары бар өнімдерге қатысты. Зардап шеккендер жайлы деректер әзірге жоқ. «Бұл өнімді кері қайтарып жатқан себебіміз оның құрамында жарақатқа алып келетін шыны сынықтары кездесіп қалуы мүмкін»  тергеу жалғасып жатқанына  қарамастан, саумалдық тілімінде шыны бар деп санаймыз», - делінген баспасөз парағында.

Компания кей тұтынушылар осы өнімдердің ішінен кішкене шыны тілігін тапқандарын хабарлады. 1866 жылы негізі қаланған Nestle компаниясына әлемнің 86 елінде 400-ден астам фабрика тиесілі. Өз өнімін Ресейге 19 ғасырдың аяғында жеткізе бастаған. Өкілдік 1995 жылы ашылды.

Бұдан бұрын Mars корпорациясы пластика тілігі болуы салдарынан әлемнің 55 елінен шоколадтарын кері қайтаратынын мәлімдеген.