Алтын «жауған» күн
Алтын «жауған» күн
Шымкент қаласында кикбоксингтен 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында кадеттер арасында ел біріншілігі өткізілді. Айтулы аламанда жамбылдық ұл-қыздар жасындай жарқырады. Жерлестеріміз он бір салмақта қарсыластарын шыдатпай, алтын жүлдеге қол жеткізсе, бес спортшымыз күміс, сегіз өреніміз қола жүлдеге қол жеткізді. 39 келіде – Бейбарыс Саухамбек, 42 келіде – Әлібек Сейдахан, 44 келіде – Раушан Көпдікбаева, 48 келіде – Ақбота Таңғатар, 54 келіде – Рүстем Жарылқапов, 56 келіде – Жәмилә Айтпаева, 57 келіде – Бағлан Рахманов, 60 келіде – Меруерт Есенова, Мейіржан Бәкіров, 63 келіде – Бекежан Сабырбеков, 75 келіде – Батырбек Жұмабаев, 81 келіде – Бақберген Тоқтасын, аса ауыр салмақта Мақсат Бейсембек қарсылас шақ келтірген жоқ. Дода барысында жоғары деңгейде өткен кадеттер арасындағы сында жамбылдық оғландардың шын мықты екеніне тағы бір мәрте көз жетті. Биік белестерді бағындырып, әлемдік аламанда атой салуға ұмтылып жүрген жасөспірімдердің аяқ алысы көңіл қуантары сөзсіз.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».