Серік Ахметов мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтеді
Серік Ахметов мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтеді
Пара алғаны үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің қорғау тарапы мемлекетке келтірілген залал көлемі толық өтелгенін мәлімдеді.
2015 жылғы желтоқсанда Серік Ахметовке бюджет қаржысын ұрлады, пара алды, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылған болатын.
Экс-премьер Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Желтоқсанның соңында Ахметовтың қорғаушылары апелляцияға шағым түсірді.
"Ахметовтың тарапы қылмыстық істің екі эпизоды "Канализациялық тазарту ғимараттары" және "Топар жылыжайлары" бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемін толық өтеді. Мемлекет табысына түскен сома шамамен 2,2 миллиард теңгені құрайды", — деді Ахметовтің қорғаушыларының бірі.
Сонымен, қорғаушының айтуынша, мемлекетке келтірілген залал көлемі толық өтелді.