Шілдеде мұнай баррелінің құны 70 долларға жетеді - сарапшы
Шілдеде мұнай баррелінің құны 70 долларға жетеді - сарапшы
Fiscal Times интернет-басылымы мұнай бағасы көтерілетіні туралы хабар таратты, деп хабарлады РИА Новости.
"Мұнай өндірушілер қуана беріңіздер! Нарықта мұнайдың шамадан тыс болуына байланысты дағдарыс тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірі таяуда аяқталуы мүмкін ", - деп жазды Fiscal Times.
Басылым PRICE Future Group фирмасындағы энергетика мәселелері бойынша аға сарапшы Фил Флиннің дәлелін алға тартады, ол шілдеде қара алтын құны барреліне 70 долларға жетуі мүмкін екенін айтады.
Бұған бірінші себеп ретінде Флинн америкалық компанияларда мұнай өндірісінің төмендеуін келтіреді. Талдаушы АҚШ-та мұнай өндіру көлемі жазда күнінен 9 миллион баррельден сегіз миллионға дейін төмендейтінін атап өтеді.
Ол таяу айларда баға өскенде, америкалық компаниялар «мұнай кен орындарында жаңа ұңғымаларды оңай пайдаланып» кете алмайтынын айтты.