Денсаулық

Астана: Тұмаумен күресу үшін емдеу мекемелерінің жұмыс уақыты ұзартылды

Астана: Тұмаумен күресу үшін емдеу мекемелерінің жұмыс уақыты ұзартылды

Тұмаудың таралуының екінші толқынының басталуына байланысты елорда тұрғындары үшін қалалық емханаларда қызуы көтерілген науқастарды жеке қабылдайтын кабинеттер ашылды, деп хабарлайды қаланың ресми http://astana.gov.kz/kk/modules/material/10090 .

Сонымен қатар, емдеу мекемелерінде жұмыс күні сағат 20:00-ге, ал сенбі күні сағат 18:00-ге ұзартылды. Қосымша көлік бөлініп, жұмысқа жарамсыздық қағазын бірден 7 күнге беру тәртібі орнатылды.

Бүгінгі таңда елордада тұмаудың алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу мақсатында 20 мобильді топ ұйымдастырылды. 1 қазанда ЖРВИ маусымы басталғалы 41 балабақша, 65 мектеп, 4 ЖОО, 9 ООМ профилактикалық жұмыспен қамтылды.

Айта кетейік, биыл 21 қаңтарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары ЖРВИ-ге шалдыққан жүкті әйелдерді анықтау үшін үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде 95 мыңнан астам адам қаралды. Сондай-ақ, Астана қаласының стационарларында маска кию тәртібі белгіленіп, науқастарға келушілерге шектеу қойылды.

Қабылданған профилактикалық шаралардың арқасында елордада тұмауға шалдығу жағдайы тұрақты болып қалуда.

Дәрігерлер қала тұрғындарына эпидемиологиялық маусымда өзін-өзі ұстанудың қарапайым ережелерін сақтау қажеттілігін ескертеді. Ауруға шалдығуды болдырмау үшін дәрігерлер бұқаралық шараларға барған кезде маска киюге, қолды сабынмен немесе басқа да залалсыздандырушы заттармен жиі жууға, тұмауды ерте анықтаған жағдайда сәтті емдеуге болатындықтан аурудың алғашқы белгілері білінген кезде учаскелік немесе отбасылық дәрігерге жүгінуге шақырады.