Астронавт ғарышта болған кезінде 5 сантиметрге өсті
Астронавт ғарышта болған кезінде 5 сантиметрге өсті
Америкалық астронавт Скотт Келли халықаралық ғарыш станциясында бір жылға жуық уақыт болып, 2 наурызда Жерге қонғанда 5 сантиметрге өсіп, осылайша егізінен биік болып кеткенін анықтапты, - деп хабарлайды CNN.
Басылымның мәліметінше, ғарыш станциясында 340 күн болған ер адамның омыртқасы созылған, ал үйіне оралғаннан кейін екі күннің ішінде қайта қалпына келген.
Ал оның сыңары, NASA астронавты Марк Келли төрт рет ғарышқа ұшқан, алайда бойынан қандай да бір өзгеріс таппаған. "Мен одан айтарлықтай бір өзгерістерді көрмедім", - деді Марк Келли. Айтуынша, егер Скотт Роскосмос рұқсат етсе, Қазақстанға қонған ресейлік "Союз" кемесінен өз күшімен шыға алар еді.
Скотт Келли халықаралық ғарыш станциясында ең көп болған америкалық астронавтардың ішінде рекорд жаңартты, бұл оқиға 2015 жылдың 16 қазанында болды. Бұл оның ғарыштағы 382-ші күні екен. Ағайынды Келлилер ғарышта көп уақыт болудың адам ағзасына қандай әсер ететінін зерттеу жөніндегі эксперименттің қатысушылары.