Денсаулық

Студенттер алып шаян роботты жасап шығарды

Студенттер алып шаян роботты жасап шығарды

Бельгиядағы Гента университетінің студенттері шаян роботты жасап шығарды. Гексапод роботтың барлық бағыттарда қозғала алатын, кедергілерден аттап өте алатын, шынайы шаянның қимылын орындай алатын алты аяғы бар, сондай-ақ ол құйрығымен соққылай алады.

Құйрығының соңында шаян робот шабуылдаған кезде «із» қалдыра алатын қызыл фломастер орнатылған.

«Шаян бұл роботты жасап шығару үшін сәйкес келетін болды, себебі құйрығы мен шымшуыры қызметтердің барлық түрлерін орындай алады. Тағы бір мақсат өндірістің бірнеше технологиясын қолданып оның дизайнын орындауда болды», - деді гексаподты жасап шығарған үш адамның бірі Роббе Террин.

Шаян робот 3D-баспа арқылы лазерлік кесу және фрезерлеудің көмегімен орындалған дене, алты аяқ, екі шымшуыр және құйрықтан тұрады.