Денсаулық

Екі жасар қыз бала әлемдегі 238 елдің мемлекеттік туын таниды

Екі жасар қыз бала әлемдегі 238 елдің мемлекеттік туын таниды

Екі жасар украиналық қыз бала Злата Поплавская әлемдегі 238 елдің мемлекеттік туын таниды. Кез келген жалаудың қай мемлекетке тиесілі екенін Киев қаласының тұрғыны ешкімнің көмегінсіз айтып бере алады, деп хабарлайды 24.kz.

Анасының айтуынша, бүлдіршіннің ерекше қабілеті 1,5 жасында байқалған. Сол кезден бастап ол әріпті де тани бастады. Енді дарынды бала Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.

«Біз енді әлемдік рекорд орнатуға тырысамыз. Егер баланың бұл қабілеті әлемдік сараптамадан сәтті өтсе, онда дарынды қыз Гиннестің кітабына енуі әбден мүмкін. Әзірге біз Украина рекордын тіркеп отырмыз»,-дейді Ұлттық рекордтар реестрінің жетекшісі Лана Ветрова.