- Advertisement -

Мерейлі отбасылар

130

- Advertisement -

Көшін Малдыбаевтар
әулеті бастады

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, биыл елімізде кең көлемде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізілуде. Мұндағы мақсат – ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, үлгілі отбасыларды кеңінен насихаттау. Осы бағытта жер-жерде арнайы комиссиялар құрылып, үлгілі отбасылар іріктелуде. Тараз қалалық әкімдігі де шаһар үздіктерін анықтап, Халықаралық отбасы күні марапаттау рәсімін өткізді. Жалпы, байқауға сегіз отбасы қатысқан еді. Комиссия мүшелері өзара ақылдаса келе өнерімен өрге жүзген Малдыбаевтар мен елге сыйлы өрт сөндіруші Ережеповтер отбасын үздік деп тауыпты. Марапаттау сәтінде қала әкімінің орынбасары Күлімхан Тоғызбаева өнегелі отбасы мүшелеріне ұрпақ тәрбиелеудегі зор жауапкершілігі үшін алғысын білдіре келе, бағалы сыйлықтар табыс етті.

– Танымал күйші-сазгер, Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, «Мәдениет майталманы» медалінің иегері, көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері Аман Малдыбаев ағамыздың отбасында Әлібек, Рүстем, Қазыбек сынды талантты өрендердің өсіп келе жатқандығы бізді қуантады. Домбыра, саксафон, қылқобыздың құлағында ойнайтын олар қазірдің өзінде халықаралық байқауда топ жарып жүр. Жұбайы Салтанат Қосаева да облыстық қазақ драма театрында қызмет ете жүріп, мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосуда. Сол сияқты «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері Толыбай Ережепбаев ағамыздың да отбасының өнеге өрнектері көпке үлгі. Бұл күнде Құдай қосқан қосағы Раушан жеңгеміз екеуі үш ұлды тәрбиелеп, өсіруде. Олардың алды әке жолын қуып, өрт қауіпсіздігі, әскери жұмылдыру дайындығы салаларында қызмет атқаруда. Біз осындай отбасыларды мақтан тұтамыз, – деді өз сөзінде К. Тоғызбаева.
Өз кезегінде жеңімпаз отбасылардың отағалары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. Ендігі кезекте қала бойынша үздік деп танылған отбасылар облыстық байқауда бақ сынасатын болады.

Тұрсынбек ТЕМІРЛАНҰЛЫ,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support