Денсаулық

Қазақстанда шығарылатын «Тальго» вагондары ресейлік теміржолшыларды таңғалдырды

Қазақстанда шығарылатын «Тальго» вагондары ресейлік теміржолшыларды таңғалдырды

Қазақстан жолаушылар вагонын шығаруда Ресейдің алдын орап кетті. Бұл туралы бүгін «Темір жол көлігі» №524 стандарты жөніндегі мемлекетаралық техникалық комиссия отырысы алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Ресей темір жолы» ААҚ-ның аға вице-президенті Валентин Гапанович  мәлім етті.

«Біз Қазақстанда «Тальго» компаниясының вагондарын көрдік. Олар өте керемет жасалған, Ресейде мұндай вагондар жоқ. Бұл мәселеде Қазақстан Ресейдің алдын орап кетті десем де болады», - деді ол.

Дегенмен ол БАҚ өкілдерінің «Ресей қазақстандық вагондарды өз жерінде пайдалануға ниет танытып отырған жоқ па?» деген сауалға сырғытпа жауап берді.

«Біз бұл жерге көруге, тәжірибе бөлісуге және жақсы тәжірибе алуға келдік», - деді ол.

Айта кетейік,  бүгінгі жиынның қорытындысында Қазақстан, Беларусь және Ресей темір жолдары арасында жолаушылар тасымалдау қызметін көрсету саласындағы  келісімге қол қою жоспарланған.