ҚКХП – таңдаушыларының мүддесін қорғайды
ҚКХП – таңдаушыларының мүддесін қорғайды
– Әлемдік экономикалық дағдарыс, халықаралық тұрақсыз жағдай біздің еліміз үшін де алаңдаушылық туғызады. Батыстың жағымсыз құндылықтары рухани және өндіріс салаларында өзінің дәрменсіздігін көрсетіп жатыр. Біздің партия ел басшылығының саяси бағдарын жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды үдету жолындағы қиындықтарды еңсерудегі бірыңғай қарқынды бастамада мемлекеттің сенімді әріптесі, өз жақтаушыларының мүдделерін қорғайтын және білдіретін саяси ұйым, – дейді Жамбыл Ахметбеков. Қазақстанның коммунистік халық партиясының сайлауалды бағдарламасы алты бөлімнен тұрады екен. «Бағдарламамыздың әр бөлімінде де сайлаушылардың, халықтың мүддесіне арналған мазмұнды бастамаларымыз жетерлік. Біздің елімізге ғана тән дәстүрлі отбасылық және адамгершілік-мәдени бағдарлар дағдарыстарды еңсеруге және жаңа белестерді бағындыруға жетелейді деп санайтынын» атап көрсетті.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».