Жаһан

Үкімет оңтүстік өңір тұрғындарына солтүстікке көшуді ұсынды

Үкімет оңтүстік өңір тұрғындарына солтүстікке көшуді ұсынды

Елімізде ішкі көші-қон мәселесіне жіті көңіл бөлінбек. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі оралмандарды оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесін көтеруде. Бұл туралы көші-қон комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев айтты. Қоныс аударушыларға әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады. Оларға баспана немесе жер телімі беріледі. Сондай-ақ, шағын несиелеу тәжірибесі де енгізілмек. Аталмыш бағдарлама бірнеше бағытқа бөлінген. Оның бірі - оңтүстіктегі ауыл-аймақтарда тұратын жастарға солтүстіктегі оқу орындарынан көбірек грант бөлу арқылы жүзеге аспақ. Теріскейге өз еркімен көшкен азаматтар жұмыспен және баспанамен қамтылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасы Саламат Аманбаевтың хабарлауынша, ішкі көші-қон саласында "Еңбекпен қамту жол картасы 2020" бағдарламасын жетілдіру арқылы халықты оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесі қолға алынды.

Ақпарат көзі: www.nur.kz