Денсаулық

Қазақстан Леонардо Ди Каприоны EXPO-2017 көрмесіне шақыруға ниетті

Қазақстан Леонардо Ди Каприоны EXPO-2017 көрмесіне шақыруға ниетті

Қазақстанда актер Леонардо Ди Каприоны EXPO-2017 халықаралық көрмесіне шақыру жөніндегі келіссөздер жүргізу басталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Жасыл экономика" үшін және G-Global-ды дамыту коалициясының" жетекшісі Салтанат Рахымбекова айтып берді.

Осыған дейін ол "Астана EXPO-2017" ҰҚ басқарушы директоры қызметін атқарған. "(...) Леонардо Ди Каприо ғаламшарымыздың экологиялық жағдайын жақсару бойында ерен еңбек етіп жатыр. (...) Әрине, біз оларға шақырту жібереміз (БҰҰ елшілеріне - Авт.), Ди Каприоны шақырамыз, ол климат проблемалары жөніндегі елші ғой, ол біздің шараға келуге міндетті", - деген еді ол.

"Бұл қоғамдық ұйым, оның қалай қабылдай ма, келісім бере ме - бұл мәселе. Бірақ біз бұл іспен айналысамыз, оның сондай танымал актер болғаны үшін емес, осы мәселеде кәсіби түрде айналысып жүрген елшілердің бірі әрі ол келе алады. 22 сәуірде Нью-Йоркте климат бойынша Париж тарихи келісіміне қол қою рәсімі өтеді. Мұнда климатты өзгерту бойынша жаңа міндеттемелерге қол қойылады. Шараға климаттың өзгеруіне бей-жай қарай алмайтын қоғам қайраткерлері, танымал адамдар қатысады. Содан кейін Ди Каприомен келіссөздер жүргізу басталады", - деді Рахымбекова.

Сонымен қатар, олар бизнесмен әрі Нью-Йорктің 108-ші мэрі Майкл Блумбергті де шақыруды көздеп отыр. "Біздің көрме үшін ол қажетті адам", - деді ол.

Айта кетейік, 29 ақпанда Леонардо Ди Каприо "Оскар" жүлдесін алған болатын. Сыйлықты алып тұрып сөйлеген сөзінде ол климаттың өзгеруі мәселесін айтқан еді.

"2015 жыл адамзат тарихында өте ыстық жыл болды, мұны барлығымыз да сездік. Біздің түсірілім тобымыз қар табу үшін ғаламшардың ең оңтүстігіндегі нүктесіне барды. Климаттың өзгеріп жатқаны шындық, бұл дәл қазір болып жатыр. Бұл адамзаттың алдында тұрған ең зор қауіп, біз бірге жұмыс істеуіміз керек. Қоршаған ортаны ластайтын компанияның атынан емес, адамзаттың, жер бетіндегі негізгі халықтардың, миллиардтаған адамдардың, балаларымыздың және саяси қызғаншақтықтың кесірінен үні өшірілген адамдардың атынан сөйлейтін лидерлерге әлем бойынша қолдау білдіруіміз керек. Мен бүгін осы ерекше сыйлық үшін алғыс айтамын. Бұл ғаламшарды өздігінен дамып жатыр деп қабылдамайық. Мен осы бір кешті болуы тиіс болғандықтан өтіп жатыр деп ойламаймын", - деген еді ол.