Денсаулық

Қазақ халқы алдында борыштармыз - Амурша Байсалов

Қазақ халқы алдында борыштармыз - Амурша Байсалов

Елбасының Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланғаны баршаға мәлім. Осы атаулы күнге орай қазақ халқына деген біздің месхеттік түріктер ұлты өкілдері атынан шын жүректен алғысымызды жеткізгім келеді.

Өйткені менің ата-анам  1944 жылы 17 желтоқсанда Қап тауынан осында жер аударылып көшіп келіпті. Міне, содан бері қазақ халқымен бірге тату-тәтті өмір сүріп келеміз»,-дейді  Жаңақорған ауданында тұратын түрік ұлтының өкілі Амурша Байсалов.

«Біздің тірі қалуымыз әуелі құдайдың, екінші қазақтардың бауырмалдығы, жетім мен жесірге, біз секілді  жер ауған халық өкілдеріне  достық қолын созуының арқасы дер едім» - дейді әкем Сейфо. Оны осы топырақта туған біздер де жақсы сезінеміз. Сол үшін де қазақ халқы алдында борыштармыз, оларға айтар алғысымыз да шексіз. Мен де, балаларым да қазақтармен бірге туған бауырдай араласамыз. Мұның бәрі елдің кемеңгер басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясатының арқасы десем артық айтқандық емес. Сондықтан бізді сыртқа теппеген, шеттетпеген жүздеген ұлт пен ұлыстарға төрінен орын берген  Нұрсұлтан Әбішұлыдай  заңғар басшысы бар қазақ халқына  мың алғыс айтқым келеді»,-дейді А. Байсалов.