Денсаулық

Қазақстанға ресми сапармен Мысыр Президенті келді (ФОТО)

Қазақстанға ресми сапармен Мысыр Президенті келді (ФОТО)

Астанаға Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси келді.

Елорданың халықаралық әуежайында Мысыр басшысын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ҚР Сыртқы істер вице-министрі Асқар Мусинов қарсы алды.

Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мысыр Президентінің елімізге ресми сапары оның Азияға турнесі аясында Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығына серпін беруге бағытталған.

Сондай-ақ сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, сондай-ақ инфрақұрылым және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-қимыл сияқты бағыттар бойынша шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізу жоспарланған.