Кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берілді
Кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берілді
Әуесқой бокстың халықаралық ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға түбегейлі рұқсат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
AIBA президенті Ву Чинг-Куоның айтуынша, кәсіпқой боксшылар биыл жазда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға да қатыса алады. Алдағы бірнеше ай ішінде кәсіпқой боксшылардың Олимпиадада бақ сынауына кедергі болатын барлық мәселе түбегейлі шешіледі.
Айта кетейік, мұндай шешім ұйымның Манчестерде өткен отырысында қабылданды.