Бүлдіргі
Бүлдіргі
Бәрін құртар бүлдіргі, Орындықты сындырды. Саяжайды талқандап, Сонда нені тындырды?
Кезі болмас опынған, Жұрдай ғой ол ақылдан. Орындықты қиратса, Өзі талай отырған.
Жаз жайнаса әлі де, Үлкен-кіші, кәрі де, Тынығатын жер еді, Зиян етті бәріне.
Сая болар саябақ, Күтейікші аялап. ...Сыйлай алмас өз-өзін Өзге кімді аямақ?!