Денсаулық

Қытайлық аспаз 2 сағатта 216 қойдың етін пісіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қытайлық аспаз 2 сағатта 216 қойдың етін пісіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қытайда Абин деген атпен танымал аспаз тұрады.

Еттен алуан түрлі тағам пісіретін бұл адам жуырда 216 қойдың жіліктелмеген тұтас етін бір уақытта қақтап пісіріп, әлемдік рекорд жасады. Тіпті оның бұл жетістігін Ұлыбританиядан келген Гиннестің рекордтар кітабының өкілі ресми түрде тіркеп алды.

Бұл үшін Абин Наньнин қаласының орталық паркіндегі алаңға орнатылған арнайы темірлерге 216 қойдың бөлшектенбеген тұтас етін жаншып қойып, түрлі дәмдеуіштер мен майды жағып шықты. Артынша ет біртегіс қақталуы үшін аударыстырып тұрды. Жалпы аспаздың етті пісіруіне 2 сағатқа жуық уақыты кеткен, деп хабарлайды cri.cn-ға сілтемемен 24.kz.