Жамбыл облысында құны 553 млрд. теңге болатын 26 инвестициялық жоба жүзеге асады
Жамбыл облысында құны 553 млрд. теңге болатын 26 инвестициялық жоба жүзеге асады
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы өңірлердің экономикасын дамутыға зор мүмкіндік береді, деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев тұрғындармен есептік кездесу барысында.
«2019 жылға дейін біз құны 553 млрд. теңге болатын 26 инвестициялық жобаны жүзеге асырмақпыз, сол арқылы 6 мың жаңа жұмыс орыны ашылмақ», - дей келе облыс әкімі 2015 жылы жалпы құны 30,5 млрд. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылып, 425 жаңа жұмыс орыны ашылғанын атап өтті.
«Таразда полиэтилен қабықшасын шығаратын зауыт іске қосылып ( «Полиэтилен - Агро» ЖШС), жоспарлық қуатында жұмыс істеп тұр. Онда 27 жұмыс орыны ашылды. Жуалы ауданында Орталық Азиядағы ең ірі күн электрстансасының бірі «Бурное Соляр-1» ЖШС пайдалануға берілді, құны - 23,2 млрд теңге, онда 19 адам жұмысқа тұрды», - деді әкім.
Бұдан бөлек Байзақ ауданында «Аулие-ата Феникс» құс фабрикасын жаңғырту жөніндегі жобалар да басталғанын атап өтті аймақ басшысы.
2016 жылы Жамбыл облысында құны 14,7 млрд теңге болатын 7 жоба жүзеге асырылу жоспарланған, онда 400 жаңа жұмыс орыны ашылмақ.